Әнші Еркін Нұржановтың әкесі Шымкенттегі №2 қалалық ауруханасына түсіп, ем қабылдады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы аурухана дәрігері Руслан Тастанбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Еркін Нұржанов ағамыздың әкесі 2 қалалық аурухана инсульт орталығына науқастанып түсіп қалып еді, қазіргі таңда жақсарумен келе жатыр.Ағамыз алғысын айтып жатыр. Ата аналар ауырмасын, әрқашанда аман болсын!» — деп жазды дәрігер.
Желі қолданушылары қарияға ізгі тілектерін тілеп жатыр.



