Танымал кәсіпкер, Баян Алагөзованың жолдасы Тұрсын Алагөзов өзінің отбасы жайлы әңгімеледі, деп жазады qandastar.kz.
Ол Forbes Kazakhstan – ға берген сұхбатында алғашқы некесінен туған балаларына лайықты әке бола алмағанын мойындайды.
«Шамасы, бірінші әйелімнен туған балаларға жақсы әке бола білмеген шығармын. Алғашқы және екінші некемнен төрт балам бар. Ол кезде небәрі жиырма жаста едім. Баланы қалай баулу керек, қалай күтім жасау керек екенін түсінбедім. Қазіргідей арнайы курстар да, үйрететін нұсқаулықтар да болмады. Неліктен бұлай айтамын? Себебі бала тәрбиесіне араласпадым, жанында болмадым. Онымен негізінен аналары айналысты.
Ал енді кішкентай балаларым дүниеге келгеннен кейін, әсіресе қыздарыма мейірім керек екенін түсіндім. Таңертең оларды құшағыма алып, үйді бірге аралап шығамын. Үйдегі әр нәрсені көрсетемін. «Сен менің ақылдымсың, алтын қызымсың» деген сөздерді жиі айтамын. Ертең олар есейгенде мұны нақты еске түсірмес, бірақ бүгінгі жылы эмоциялары жүректерінде қалары анық», — деді ол.



