Жаңалықтар
Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

Фото: baq.kz
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz
“Ол мемлекеттік қызметтегі мансабын жалғастырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық бермек. Әртүрлі салада жинаған мол тәжірибесі Шығыс Қазақстанның инфрақұрылымын жаңғыртуға және инвестициялық ахуалын жақсартуға оң ықпал етеді деп күтеміз”, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Жақсылық Омар қала әкімі болып ұзақ жыл қызмет еткен кезеңде бірқатар бастамасымен көзге түсті. Атап айтқанда, Өскемен қаласының жол логистикасына оң жақты бұрылыстар жүйесін енгізу, автобус паркін жаңарту жұмыстарын бастау, бірнеше ондаған жылда алғаш рет жаңа трамвайларды әкелу, сол жағалауда кешенді құрылыс қағидатымен жаңа шағынаудандар салу, тұрғындармен бірлесіп жол жөндеу жоспарларын жасауға арналған Telegram-бот енгізу, сондай-ақ ерекше балаларға арналған алғашқы мемлекеттік орталықты «Үлбі» орталығы базасында ашу сынды жобалар жүзеге асты.