ЖаңалықтарШоу бизнес

«Жақсылыққа апармайды»: Мөлдір Анарбаева кішкентай жарапазаншыларды сынады

Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева жарапазан айтып жүрген балаларға шүйлікті.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Айтуынша, жарапазанның өзі жақсы, алайда балалардың түнде жүргені қауіпті үрдіс.

«Жаман айтпай жақсы жоқ, бұл басқа заман! Балаларға ие болайық! Жарапазан жақсы!
Алайда, кәмелет жасына жетпеген балалардың түн қатып жалғыз жүруі, еш қымсынбай ақша сұрауы жақсылыққа апармайды. Жарапазан айтудың да жөн жоралғысы, өз әдебі бар емес пе?!
Қазіргі таңда жарапазанды тіленшілік әдісімен айтып жүргендер жетерлік. Үй иелерінен сыйлық дәметеді, тіленеді, талап етеді. Бұл заманауи ақындардың жанынан қосқан шумақтарына орай, табысты болу мақсатында солай шығарып алған айла-әдісі.

Ал, негізі жарапазанда Алланың амалдарын дәріптеп, Пайғамбарлардың игіліктері, Құранның, ислам дінінің кереметтері туралы айтылу керек. «Қуыс үйден құр шықпа» деп сый-сияпатты кез-келген адам онсыз да береді ғой. Ел ішінде тек, ақша дәмететіндер қазіргі таңда кездесіп жүр.
Негізі жарапазан Рамазанның қасиетін дәріптейді. Қазіргі таңда жарапазан айтып жүрген кейбір сұраншақтардың кесірінен, ислам дініне кері пікір қалыптасады, оның үстіне бір жүйкесі жұқарған басын жарып иті таласа қайтесіз?!

Балаларды сұраншақ қылмайықшы…» — деп жазды ол.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Бірі қолдап жатса, сынап жатқандар да табылды.

«Алла сақтасын балаларымызды! Бізде абай болайық дұрыс айттыныз», «Несі бар айына бір рет шықса,оларға да қызық. Соны да әңгіме қылып» және «Жезқазғанда жарапазан деген ұғым мүлдем жоқ» сынды пікірлер жазылып жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button