АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық жастарды есірткімен улап отырған Колумбияға соққы жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Alash.kz порталына сілтеме жасап.
Дональд Трамптың мәлімдеуінше, кокаин зертханалары дәл осы елде орналасқан.
Біз еріккеннен кемелерді жарып отыр деп ойлайсыздар-ау. Біз баяғыдан есірткінің жасалатын жерлерін және жеткізілу маршруттарын білетінбіз. Алдыңғы әкімшілік бұған бей-жай қарады. Соның кесірінен миллиондаған америкалық азамат есірткіге тәуелді болып, жылына он мыңдаған адам өліп жатыр. Енді Колумбиядағы зертханаларға соққы жасауды жоспарлап отырмын, – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.
Сонымен қатар, Ақ үй басшысы АҚШ-тың нысаналардың орналасқан жері туралы ақпараты бар екенін айтты. Оның сөзінше, елде есірткі салдарынан өткен жылы шамамен 300 мың адам қаза тапқан.



