Желіде Түркістан облысында болған даулы оқиға қызу талқылануда. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі maskara_news парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тараған бейнематериалда өзін емші ретінде таныстырған Данияр есімді азамат пен емделуші арасындағы жанжал анық көрінеді.
Келіспеушілік барысында емші шектен шығып, емделушіге
«Жақында сен балаңнан айырыласың. Балаңнан айырыл» деген ауыр әрі қарғысқа толы сөздер айтқан.
Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық тудырды.



