Жаңалықтар

Жақып Асановтың экс-кеңесшісі: Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды

Фото: qamqor.gov.kz/criminals

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының бұрынғы кеңесшісі және экс-судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды  qandastar.kz  Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Қарлығаш Құрмашқызы Тәткееваға 2025 жылдың 20 маусымынан бастап іздеу салынды. Іздеу Қарағанды облысында тіркелген. Істі Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті жүргізіп жатыр.

Әзірге бұл жағдайға қатысты ресми орындар мәлімдеме жасамады.

Ол бұған дейін Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында, сондай-ақ, Астана қалалық сотында судья қызметін атқарған. Тәткеева азаматтық істер бойынша Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған. Бұл қызметте ол елдің басты сот органы Жақып Асанов басшылықта болған кезде жүрді. Қазіргі уақытта Асанов – сенатор.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close