Жаңалықтар

Жалаң аяқ кеткен: Ақтөбеде жоғалған психикалық ауытқуы бар әйел табылды

Фото: «Диапазон»

Ақтөбе облысында жоғалған әйел далалы жерден табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

40 жастағы Толғанай Молдағалиева 4 тәулік бойы іздестірілді. Ол 23 тамызда таңғы сағат 4-те үйден шығып кетіп, оралмаған. Ол психдиспансерде есепте тұрады. Еріктілер қала тұрғындарынан іздеуге көмек сұрады.

26 тамызда әйелді шопан тауып алған, ол Алға ауданында далалы жерде жүрген.

«Толғанайды күндіз-түні еріктілер, полиция, ТЖД қызметкерлері іздеді. Оны іздеу үшін тікұшақ ұшырылды, дрондар қолданылды. Әйелді даладан шопан тапты. Оның дені сау, жағдайы жақсы», – деді Zello Poisk командасының еріктісі Екатерина Голотина.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 40 жастағы Толғанай Молдағалиева жоғалып кеткені хабарланды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close