ЖаңалықтарШоу бизнес

«Жалғандағы жарығым сөнді»: Нұрлан Өнербаев қайғылы хабармен бөлісті

Қазақстандық әнші Нұрлан Өнербаев әлеуметтік желі арқылы отбасы үшін ауыр қайғы болғанын хабарлады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Өнер иесінің анасы дүниеден өтті.

Әнші қаралы хабарды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, анасына деген сағынышы мен қимастық сезімін жеткізді.

«Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік. Алдың жарық болсыншы, анашым», – деп жазды ол.

Қаралы хабардан кейін әлеуметтік желі қолданушылары, әріптестері мен өнерсүйер қауым әншіге көңіл айтып, марқұмның иманды болуын тіледі.

Көпшілік Нұрлан Өнербаевтың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл білдіріп, сабыр мен төзім тіледі.

Марқұмның қазасына байланысты көңіл айту жазбалары әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button