Хронобиолог Болат Нұрхожаев үй жағдайында «жылы» спектрлі (шамамен 2700 К) жарық қолданудың маңызы туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, табиғи жарықтың түсі күннің шығуы мен батуы кезінде қызғылт реңкке ауысады, сондықтан кешкі уақытта дәл осындай жылы жарық қолдану адам ағзасына пайдалы деп жазды, qandastar.kz
Белсенді көк және ақ түсті «күндізгі» жарық көздері көбіне кеңсе мен өндірістік орындарға арналғанын айтады. Ол кешкі уақытта мұндай жарықтың көп болуы мелатониннің – ұйқы гормонының түзілуін тежеп, циркадтық ырғақтарды бұзуы мүмкін деген пікір білдірді. Оның сөзінше, бұл ұзақ мерзімді перспективада түрлі созылмалы ауруларға әкелуі ықтимал.
«Таңертең жарықтың мол, ал кешке қараңғылықтың басым болуы – денсаулық кепілі. Табиғатты «тыңдап» өмір сүрген ата-бабаларымызда қазіргідей қатерлі ісік, диабет, аутизм, туа біткен ауытқушылық аурулары болмағаны да содан», – дейді ол.



