Жаңалықтар

Жамбыл облыстық ПД бастығы қызметкеріне балағат сөз айтқаны үшін қызметінен босатылды

Фото: Жамбыл облысы ПД

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің қатысуымен болған бейнеролик тараған болатын.

Онда оның қарамағындағы қызметкерге боғауыз сөз айтып, тілдегені түсірілген. Аталған видеоға байланысты департамент бастығы Арманбек Баймурзин қызметінен босатылды.

«Жамбыл облысы ІІД бастығының қатысуымен түсірілген бейнероликтің негізінде Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Облысқа Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментінің бастығы мен ішкі қауіпсіздік қызметінің өкілдері жолданды. Қызметтік тергеу кезеңінде облыстың ПД бастығы А.Баймурзин қызметінен босатылды», – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Полиция генерал-майоры Арманбек Хакімбекұлы Баймурзин 1974 жылдың 3 сәуірінде Көкшетау облысының Щучинск қаласында туылған. Білімі – жоғары.

1992 жылдың тамыз айынан 1994 жылдың қыркүйек айына дейін- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебінде, 1994 жылдың қыркүйек айынан 1996 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасы МТК-нің жоғарғы тергеу мектебінде оқыды, оны аяқтаған соң Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша МТК басқармасының тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып қызмет атқарды.

1997 жылдан бастап ІІО-ның жедел құрамында әртүрлі лауазымдарда жұмыс атқарды.

2004 жылдың ақпанынан 2012 жылдың сәуіріне дейін ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет етті.

2012 жылдың сәуірінен 2014 жылдың қарашасына дейінгі аралықта Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдың 24 қарашасынан 2019 жылдың қазанына дейін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы.

2019 жылдың қазанынан 2022 жылдың 9 ақпанына дейін – Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы.

2022 жылғы 10 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close