Жазатайым оқиға жас сарбаздардың ант беру рәсімі кезінде болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы «31 арна»-сына сілтеме жасап.
Бір сәтте көз жанарынан айырылған Жақсылық Молдақұл басшылықтың бұйрығымен басына бөтелке жарғанын айтады.
24 жастағы әскери қызметшінің жақындары кінәлі адамдар жауапқа тартылмай қалады деп уайымдайды.
Айтуларынша, әскери қызметшінің қабағы жарылған деп көрсетпекші екен.
«Мен жалғызбасты анамын. Асыраушым осы-ақ бала. Армиядан келгеннен кейін баламды жұмысқа кіргіздім. Осы балам асырайды мені. Бала үйленбеген, бойдақ. Енді болашағы қалай? Жұмыс істетпейді ғой военныйлар да. Басқа не жұмыс істейді білмеймін?» — дейді сарбаздың анасы.
Жақсылық 4 жылдан бері келісімшарт негізінде әскери қызметші болған.
Ол қазіргі жағдайы туралы білмейді. Жақындары оған психологиялық соққы болмас үшін емі бар екенін айтуда.
Ал басшылық бір көзінен айырылған әскери қызметшіні мүгедек қатарына қосу әлі ерте екенін алға тартты.



