Жаңалықтар

3,5 жыл шартты жаза: фельдшердің өміріне қауіп төндірген ер адам жазадан құтылды

Жамбыл облысында жедел жәрдем қызметкеріне оқ атқан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы өңір әкімі Ербол Қарашүкеев брифинг барысында мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz

Оқиға 2025 жылғы 10 шілде күні Сарыкемер ауылындағы жедел жәрдем станциясында болған. 25 жастағы ер адам 27 жастағы фельдшерге травматикалық қарудан оқ атқан.

Облыс әкімінің айтуынша, тергеу жұмыстары аяқталып, іс сотқа жолданған. 2 қыркүйек күні өткен сот отырысында айыпталушыға 3,5 жыл шартты жаза тағайындалды.

Зардап шеккен медицина қызметкері ем қабылдап, қазіргі таңда қызметіне қайта оралған.

Айта кетсек, күдікті мен фельдшер арасындағы жанжал медициналық құрылғы – дефибрилляторға байланысты туындаған. Фельдшер құрылғыны қолдануға болмайтынын, оның қауіпті екенін түсіндірмек болған. Алайда, дау ушыққан сәтте күдікті травматикалық қарумен оқ атқан.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button