Іс Жуалы аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Мейрамханадағы үйлену тойы кезінде ер адам жұбайынан ежелгі қазақ дәстүрі бойынша үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген, ал әйелі өтінішті орындаудан бас тартқан. Үйге келген соң ер адам әйелінің осы шешімі үшін оған былапыт сөздер айтқан», — деп хабарлайды Жуалы соты.
Ер адамның ісі Әкімшілік кодекстің 73-бабы 1-бөлігі «Отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы былапыт сөздер айту» бабы бойынша қаралған.
Сот отырысында ер адам кінәсін толық мойындап, әйелінен шын жүректен кешірім сұраған.
Сондай-ақ тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.
Ал келіншек осы жанжалдан кейін күйеуі оның анасына хабарласып, «қызыңызды алып кетіңіз» дегенін айтқан. Дегенмен күйеуін кешіріп, татуласуға келіскен.
«Сот қаулысымен медиация тәртібімен татуласқанына байланысты тоқтады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.



