Жаңалықтар

Жамбыл облысында түнгі аңшылық кезінде 13 жастағы бала қаза тапты

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында түнгі уақытта болған қайғылы оқиға салдарынан 13 жастағы жасөспірім көз жұмды. Алдын ала деректерге сәйкес, баланы оның сыныптасы абайсызда атып жіберген, деп хабарлады qandastar.kz.

Полиция оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда адам өліміне себеп болу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлады. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, ата-аналардың да жауапкершілігі қарастырылып жатыр. Себебі балалардың түнгі уақытта ересектердің бақылауынсыз жүргені және атыс қаруына қол жеткізе алғаны белгілі болған.

Қазір істің барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Back to top button