Жаңалықтар
Жамбыл облысында жер сілкінісінен бүлінген баспаналар тізімі қысқарды

Фото: ашық дереккөз
Жамбыл облысында зілзаладан бүлінген баспана саны азайды. Үкіметтік жұмыс тобы тұрғындардан түскен арыздарды қарау барысында кейбір үйдің бұған дейін де тозығы жетіп тұрғанын анықтаған, деп хабарлайды qandastar.kz
Әу баста зілзаладан 122 баспана зақымданды делінген. Алайда, «КТК» дерегіне сүйенсек, нақты бүлінген үй саны — он екі.
Мамандар шығын көлемін шығару үшін әлі де сараптама қорытындысы қажет дейді. Өйткені Меркі мен Тұрар Рысқұлов ауданында 17 әлеуметтік нысан зақымданған.