Жаңалықтар

Жамбыл облысындағы атыс: Полиция 4 күдіктіні ұстады

Полиция Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы атысқа қатысы бар деген күдікпен 4 ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qandastar.kz

Жамбыл облысы ПД мәліметінше, ұсталғандардың барлығы аталған ауданның тұрғындары.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Жамбыл облысы полициясы басшылығының бақылауында», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында оқ тиіп жараланған 4 адам ауруханаға жеткізілгені туралы жазған болатынбыз.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close