Жаңалықтар
«Жаңа адамдар» кәмелет жасқа толмаған қызға қызығушылық танытқан педофилдерді әшкереледі

Фото: ашық дереккөз
Жаңа адамдар қозғалысының «124» азаматтық науқаны кәмелет жасқа толмаған қыздың әлеуметтік желідегі профиліне орынсыз қызығушылық танытқан екі әлеуетті педофилді әшкереледі, деп жазды qandastar.kz
Команда 12 жасар қыздың атынан жалған анкета құрды. Бұл профильге бірден бірнеше антиқаһарман қызығушылық танытты. Солардың бірі бірінші болып өзін «Розбай» деп таныстырып, бірнеше ай бойы қызбен хат алмасып, порнографиялық мазмұндағы хабарламалар жіберді. Кейінірек ол жыныстық сипаттағы тікелей ұсыныстар жасай бастады және кездесу туралы келісті. «Не үшін келдің?» деген сұраққа: «Бәліш жеуге келдім», — деп жауап берді. Екіншісі — лақап аты «Просто Нурда» — хат алмасудың орынсыз екенін түсініп, оны құпия сақтауды сұрады. Ол да интимдік сипаттағы суреттер жіберіп, жеке кездесуге тырысты.
Белсенділер әлеуетті педофилдердің шынайы есімдерін анықтады. Біріншісі — Розбай Султанбеков, 17.02.1996 жылы дүниеге келген. Құрылыста еңбек етеді. Екіншісі — Амайданов Нурдаулет, 20.10.2003 дүниеге келген. Ол да құрылыста жұмыс істейді.
Кездесу олар ойлағандай болмады. Олар кездескісі келген 12 жасар қыздың орнына шынайылықпен бетпе-бет келді — екеуін де камера объективі және «Жаңа адамдар» белсенділері дайындаған «қарабет дәлізі» күтіп тұрды. Олардың барлық хабарламалары мен суреттері тіркелді. Шын есімдері, ниеттері және айғақтар — өздерімен бірге құқық қорғау органдарына тапсырылды.