Жаңалықтар

“Жаңа адамдардың” эксперименті: Астанада ересектер балаларға ішімдік сатып алып берген

Фото: ашық дереккөз

Видео: https://drive.google.com/drive/folders/1Oqzd8dKaKfdSICheVvQklYIYUBoGYZDX?usp=sharing

“Жаңа адамдардың” “Заң» азаматтық науқаны кәмелетке толмағандарға ішімдік сатумен күреседі. Әдетте Заң белсенділері қаладағы сауда орындарына рейдке шығып, тексеру сатылымдар жасап, сатушыларды жауапкершілікке тартады.

Бірақ бұл жолы Астана көшелерінде әлеуметтік эксперимент жүргізуге жұмылды. Эксперимент нәтижесі мәселенің тек сатушыларда емес екенін көрсетті, – деп жазады qandastar.kz

Астана көшелерінде жеткіншек бала өтіп бара жатырған жүргіншілерден ішімдік сатып алып беруін сұрады. Зерттеу көңіл көншітпеді. Әр үшінші жүргінші баланың өтінішін орындауға келісті. Олардың басым бөлігі жақсылық жасап жатырмыз деп, өз айыбын түсінбеді. Өздері тигізіп жатырған зиян туралы ойламай, балаларға ішімдік сатып алып берді. Шын мәнінде, олардың дүкендерде кәмелетке толмағандарға ішімдік сататындардан еш айырмашылығы жоқ.

Мұндағы айрықша ерекшелік – балаға ішімдіктің орнына жеміс шайын сатып алып берген адам болды. Ол мұны әке ретінде балалардың, өзінің де, басқаларының да ішімдік ішкенін қаламайтынымен түсіндірді. Мұндай жағдай сирек кездеседі,бұл арамызда бәріміз үлгі аларлық адамдардың азаймағанын көрсетеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close