Жаңалықтар
“Жаңа адамдар” тағы бір педофилді әшкереледі
Фото: inbusiness.kz
“Жаңа адамдардың” “124” азаматтық науқанының белсенділері үнемі әлеуметтік эксперименттер жүргізеді. Жақында олар педофилді тағы әшкере етті, деп жазды qandastar.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде өзін “Бека Хан” деп таныстырған “азғын” 12 жастағы қызға кинозалда кездесуді ұсынып, бұл хат алмасуды құпияда сақтауын өтінді.
Алайда, 12 жасар қызбен «кездесудің» орнына “Бека Ханды” “124” азаматтық науқанының командасы күтіп алды. Мұндайды күтпеген педофил бірден қылмыс орнынан қашуға асықты. Алайда, жасырыну әрекеттері сәтсіз аяқталды. Ол «қарабет дәлізіне» тап болды. Басынан аяғына дейін ақ субстанцияға малынған ер адам басынан және бетінен резеңке заттармен алған соққыларды өмірінің соңына дейін есінде сақтайды.
Айтпақшы, педофилдің жүзі сыртқы бақылау камераларына түсіп қалған. Бұл ретте қозғалыс мүшелері абай болуға кеңес береді, әсіресе ата-аналар үшін бұл ақпараттың маңызы зор.