Әлем жаңалықтарыЖаңалықтарМәдениет

Жаңа дорама түсірілеме ме?: Кореялық танымал актерлар Қазақстанда қыдырып жүр

Әлеуметтік желілерде оңтүстіккореялық актерлердің Қазақстанға келуі кеңінен талқыланып жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Кazpress парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұған «Strangers from Hell», «Again My Life» және «Love Next Door» сериалдары арқылы танылған актриса Ким Джи Ыннің стористері себеп болды.

Актриса өз жарияланымдарында Қазақстанда жүргенін атап өткен. Сонымен қатар желі қолданушыларының бірі Ким Джи Ынмен еліміздегі мекемелердің бірінде түскен суретін бөлісті. Бұл жағдай жанкүйерлердің қызығушылығын одан әрі арттырды.

Осыған шамалас уақытта актер Ым Мун Сок та әлеуметтік желіде Көлсай көлінде түсірілген фотосуреттерін жариялады. Кадрлар жанкүйерлер арасында түрлі болжамдардың тууына себеп болды.

Көпшілік Оңтүстік Корея Қазақстан аумағында дорама түсіруі мүмкін деген пікірде. Алайда қазіргі таңда бұл сапардың мақсатына немесе қандай да бір жаңа жобаға қатысты ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button