Әлем жаңалықтарыЖаңалықтарСараптама

Жаңа ереже: су жаңа көліктердің Қытайдан келуі қиындайды

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қытайда жаңа ереже күшіне енеді: тіркелгеніне 180 күн толмаған автокөліктерді тек ресми түрде расталған сатудан кейінгі қызмет көрсетуі  бар жағдайда ғана шетелге шығаруға рұқсат беріледі. Билік бұл шара арқылы іс жүзінде жаңа көліктерді «сұр» жолмен экспорттауды тоқтатуды көздеп отыр, деп жазады qandastar.kz

Автосарапшы Артур Мискарянның айтуынша,  қолданыста болған көліктерді экспорттау бұрынғыдай еркін жалғаса береді.

«Бұл Қытайға өз автопаркін жылдам жаңартуға мүмкіндік береді», —  дейді сарапшы.

Мискарян жаңа талаптардың Қазақстандағы көлік бағасына әсер етпейтінін атап өтті. Керісінше, оның пікірінше, бақылаудың күшеюі «сұр» нарықты азайтып, тұтынушылардың қауіпсіздігін арттырады. Сонымен қатар Қазақстандағы автoөндірістің дамуы және қытайлық маркалардың модельдік қатарының кеңеюі бағалардың өсуіне жол бермейді.

Сарапшы қазақстандық реттеушілер де «сұр» импортпен белсендірек күресуі керектігін айтты. Оның сөзінше, көлеңкелі дилерлер жөнінде шағым жылдан жылға көбейіп келеді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button