Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Жаңа Конституцияда «Егемендіктің иесі – Қазақстан халқы» деп жазылған – Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласының энергетикалық инфрақұрылымын тексеріп, жұмысшылармен кездесті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Үкімет басшысы кездесуде алдағы референдум аясында сөз қозғады.

Премьер-министр осы жылдың 15 наурызында өтетін референдумға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, қазір еліміз өте маңызды саяси кезеңді бастан өткеруде. Жаңа Конституция – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті, Қуатты Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды саяси реформаларының айқын көрінісі.

Ата Заңның ең басты арқауы – адам, яғни азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандығы. Жаңа Конституцияда «Егемендіктің иесі – Қазақстан халқы» деп тайға таңба басқандай жазылған. Яғни, адами капиталды дамытуға, еңбек адамына деген мемлекеттің көзқарасы түбегейлі өзгереді. Референдумға белсенді қатысуымыз, азаматтық жауапкершілік танытуымыз және мемлекет пен қоғамның мүдделерін басшылыққа ала отырып, саналы таңдау жасауымыз маңызды», — деп атап өтті Бектенов.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button