Жаңалықтар
Жаңа мәжіліс депутаты Берденовтыің орнын басты

Фото:Мәжіліс
Екатерина Смолякова мәжілістің жаңа депутаты атанды. Ол – Respublica партиясы фракциясының өкілі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін Екатерина Смолякова мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдап, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды.
«Орталық сайлау комиссиясынан хабар түсті. ОСК қаулысымен мәжіліс депутаты ретінде Respublica партиясынан Екатерина Смолякова тіркеліп, қатарымызға қосылды», — деді Ерлан Қошанов.
Депутаттар бірауыздан қолдап, жаңа депутат ант берді.