Жаңалықтар

Жаңа Рим папасы әлі сайланған жоқ

Ватиканда Рим папасын сайлау рәсімі өтіп жатыр. Бірінші турда конклав жаңа Папаны сайлай алған жоқ. Бұл туралы qandastar.kz сайты “РИА Новости” агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дауыс беруден кейін құдайға құлшылық жасау рәсімі өтеді, одан кейін кардиналдар қонақүйге –әулие Петр соборының жанында орналасқан әулие Марфа үйіне қарай аяңдайды.

Бейсенбіде және келесі күндерде төрт реттен дауыс беру сессиясы өтеді – таңертең екі рет және түстен кейін  екі рет. Дауыс беру нәтижесіз аяқталған жағдайда, түсте және жергілікті уақытпен кешкі сағат 19.00-де қара түтін шығарып, белгі береді.

Егер кардиналдар сол күнгі бірінші және үшінші раундта понтификті сайлаған болса, жергілікті уақыт бойынша 10:30-да немесе 17.30-да ақ түтін шығарып белгі береді. Ал жаңа Папа екінші және бесінші раунда сайланған болса, екі сағаттан кейін хабарланады.

Еске салсақ, 2025 жылғы 21 сәуірде Рим Папасы Франциск 88 жасында өмірден өткен еді. Қазір Ватиканда жаңа Рим Папасын сайлау үшін конклав өтіп жатыр. Бұл – шіркеу тарихындағы 267-ші Папа болмақ. Биылғы конклавта рекордтық көрсеткіш тіркеліп, 70 елден 133 кардинал қатысып жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close