Жаңалықтар

Жаңа Салық кодексіне қарсы петиция жарияланды

Қазақстанда азаматтар мен бизнес өкілдері жаңа Салық кодексінің кейбір баптарына наразылық білдіріп, оны қайта қарауды талап етті. ePetition мемлекеттік платформасында жарияланған өтініште 286-баптың 16-тармағы сынға алынды, деп хабарлады Qandastar

Авторлардың айтуынша, бұл норма салық төлеушілердің шығындарды есепке алу мүмкіндігін шектейді және шағын бизнеске ауыр соққы болмақ. Олар мұндай өзгеріс тауар мен қызмет бағасын қымбаттатып, кәсіпкерлердің оңайлатылған салық жүйесін қолданатын әріптестерімен жұмыс істеуден бас тартуына әкеледі деп есептейді.

Петиция авторлары аталған тармақты алып тастап, бизнес пен сарапшылар қатысатын кең ауқымды қоғамдық талқылау өткізуді сұрайды. Қазір өтініш модерация кезеңінде тұр.

Back to top button