Жаңа жыл мерекесі қарсаңында еліміздің қалаларында пиротехникалық бұйымдардың сатылымы артты. Алайда олардың арасында заңды түрде сатылатындармен қатар, заңсыз сауда фактілері де кездесіп отыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі qrnews.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха баспасөз мәслихатында пиротехникалық бұйымдарға қатысты қолданыстағы әкімшілік жауапкершілікті еске салды.
Оның айтуынша, тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз сату Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 162-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Бұл құқықбұзушылық үшін 10-нан 25 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл қарастырылған.
Сондай-ақ елді мекендер аумағында пиротехникалық бұйымдарды қолдану ӘҚБтК-нің 436-бабына сәйкес 20 АЕК көлемінде айыппұл салуға негіз болады.
Құзырлы органдар азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және пиротехникалық өнімдерді тек заңды орындардан сатып алуға шақырады.



