ІІМ Қазақстанда «00:00-ден кейін максималды жылдамдық 66 км/сағ» болады және «2 км/сағ асырғанның өзі айыппұл салуға себеп болады» деген мазмұндағы хабарламалар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz ресми ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның дерегінше, аталған ақпарат жалған.
«Тарап жүрген “00:00-ден кейін максималды жылдамдық 66 км/сағ” деген хабарлама – фейк. Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін бұрынғыдай рұқсат етілген жылдамдық – 60 км/сағ. Камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болғанда ғана тіркейді», – делінген ІІМ хабарламасында.



