ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Жаңа жылдан бастап шотыңызға 1 млн теңгеден астам қаржы түссе, тексеріске ілігесіз

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мобильді аударымдар жаңа тәртіп бойынша қадағаланатын болады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі qrnews.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жаңа талаптарға сәйкес, үш ай ішінде банк картасына 100-ден астам аударым түсіп, олардың жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асса, бұл операциялар кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады.

Банктер мұндай мәліметтерді автоматты түрде салық органдарына жібермек. Егер аударымдардың кәсіпкерлікке қатысы бар екені расталса, азаматқа арнайы ескерту жолданып, жағдайды реттеу үшін 30 жұмыс күні беріледі. Бұл мерзім ішінде талап орындалмаса, салықтық тексеріс басталады.

Министрліктің мәлімдеуінше, өзгерістің басты мақсаты – көлеңкелі экономиканы азайту және заңсыз табыс иелерін ресми түрде салық төлеуге ынталандыру.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button