Қаржы және төлемдер

Жаңа жылдан кейін баласы бар отбасыларға 875 млрд теңге бөлінеді

Фото: ашық дереккөз

2025 жылдың басынан бастап балалары бар отбасыларға арналған жәрдемақылардың барлық мөлшері 6,5%-ға индексацияланады, деп хабарлайды qandastar.kz

Балалары бар отбасыларға арналған барлық жәрдемақылардың мөлшері 2025 жылдың басынан бастап 6,5%-ға индексацияланады.

Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалуда және алдағы уақытта да орындалады.

Бұл үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Осы жылдың қаңтарынан бастап инфляция деңгейі ескеріле отырып, барлық зейнетақылар мен жәрдемақылар жыл сайынғы индексациядан өткізілді.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6,5%-ға индексацияланатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2025 жылға арналған республикалық бюджетте 42 түрлі әлеуметтік төлемге 6 трлн теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 12,5%-ға көп.

Елдегі 2 млн-ға жуық балалары бар отбасы республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақылармен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдермен қамтылған.

«2025 жылдың басынан бастап балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылардың барлық мөлшері 6,5%-ға индексацияланады. 2025 жылға арналған республикалық бюджетте балалары бар отбасыларға арналған жәрдемақыларды төлеуге 875,1 млрд теңге қарастырылған. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету арқылы жалғасады. Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша АӘК 76 мың отбасы немесе 403 мың адам алған. Азаматтардың шығындарын ескере отырып, АӘК көрсетудің жаңа тәсілдерін қайта қарау аясында бұл жүйе Отбасының цифрлық картасын және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграцияны пайдалану арқылы трансформацияланатын болады», – деді Нұрлан Байбазаров.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close