ЖаңалықтарШоу бизнес

Жаңа жылды бірге қарсы алған Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіде талқыға түсті

Белгілі актриса, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жыл күніі отбасылық видеосын жариялады, деп жазады qandastar.kz порталы.

Актриса Жаңа жылды отбасымен Бурабайда өткізген. Видеода Қайрат Нұртас та көзге түсіп қалды.

«Балаларыма: Сен Жаратқанның Сүйікті Жаратылысысың. Ештеңеге қызықпа, ешкіммен өзіңді салыстырма. Барға шүкір, жоққа қанағат. Өткен жылға ризашылықпен қарап, келер жылға жаңа жоспар құрайық», — деді актриса.

Сондай-ақ ол жаңа жылқы жылы еліміз үшін де жайлы жыл болатынын жеткізді.

«Жылқы жылы біздің ел үшін берекелі болары хақ. Себебі қазақтың мінезі де сәйгүлік сипатты, ұлт үшін киелі жануар. Қашанда тек жақсылыққа, молшылыққа жорылған жыл. Біз қолдан келгенше қолдауға, қорғауға тырысамыз. Ал таңдау тек өздеріңде екенін білгейсіңдер», — деп жазды актриса желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа бақыт тіледі.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button