Жаңалықтар

Жаңа жылға бір ванна оливье салатын дайындаған қария жұртшылықты таңғалдырды (ВИДЕО)

Жаңа жылға бір ванна оливье салатын дайындаған әже желідегілерді таңғалдырды, деп жазады qandastar.kz сайты Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Аiran.media порталының Instagram әлеуметтік парақшасында жарияланған видеодан қарияның салатты үйіндегі ваннаға дайындағанын және өте көп мөлшерде азық-түлік қолданғанын көруге болады.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі бұл жағдайды асыра сілтеп жіберген, орынсыз, ысырып деп қабылдаған. Ал кейбірі жаңа жылдық көңіл күй сыйлаған әжеге алғыстарын жаудырған.

Желідегілер оливье салатын жаңа жылдық символ деп атап, мереке бұл салатсыз өтпейтінін алға тартты.

“Оливье жаңа жылдың нышаны”, “Қандай жиіркенішті”, “Мұның барлығы ысырап, босқа кеткен уақыт” — десті желідегілер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от AIRAN MEDIA (@airan.media)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button