Жаңалықтар

Шымкентте 15 тонна сіріңке тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Шымкентте 15 тонна сіріңке тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы qandastar.kz сайты хабарлады.

Өрт 6 мамыр күні Жібек жолы көшесінде болды. Төтенше жағдайлар қызметі өртті 17:39-да толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің жүк бөлімінде шамамен 15 тонна сіріңке болған. Жүктің үштен бірі — шамамен 5 тоннасы жанып кеткен. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close