Жаңалықтар
Жаңаөзен маңындағы мұнай ұңғымасында метан бөлінді

Жаңаөзен қаласының іргесіндегі Теңге ауылынан 500 метр жерде метан бөлінетін мұнай ұңғымасында апат болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының экология департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
10 маусымда әлеуметтік желілерде Жаңаөзен қаласынан 500 метр қашықтықта орналасқан Теңге ауылы маңындағы мұнай ұңғымасында атмосфераға шығарындылар түсірілген видео тараған болатын.
Ресми мәлімет бойынша, оқиға таңғы сағат 08:30 шамасында «Петро Нефтегазсервис» ЖШС-не қарасты No553 ұңғыманы бұрғылау кезінде болған. Небәрі он минуттан кейін, сағат 08:40-та компания қызметкерлері шұғыл жұмысқа кірісіп, төтенше жағдайды анықтады.
Оқиға орнына Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары шықты. Олар атмосфералық ауаның күйіне аспаптық өлшеулер жүргізді. Сынақтардың нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады, — деп жазылған мәліметте.