
«Өзен көлік құрастыру зауыты» ЖШС басшылығы Жаңаөзен қаласында «Astana Rich Village» деп аталатын тұрғын үй кешенінің құрылысын заңсыз жүргізгені анықталды, деп жазады qandastar.kz сайты Sputnik_aitady Telegram арнасына сілтеме жасап.
Тексеру нәтижесінде компанияның құрылысқа қажетті құжаттарды мүлде рәсімдемегені белгілі болды. Яғни, нысанда рұқсат беру актілері, жобалық-сметалық құжаттама, мемлекеттік сараптама, сондай-ақ авторлық қадағалау болмаған.
Құрылыс компаниясы халықты алдау үшін пәтерлерді нарықтағы бағадан төмен бағада сатамыз деп жарнамалаған. Осылайша, 23 азаматпен жалған алдын ала сатып алу-сату келісімшарттары жасалып, 303 миллион теңгенің қаражаты заңсыз жиналған.
Тартылған қаражат компания басшылығының жеке қажеттіліктеріне жұмсалса, ұрғын үй құрылысы мүлде аяқталмаған.
Құқық қорғау органдары бұл факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр.



