Жаңалықтар
Жаңаөзенде мешіттен өрт шықты

Фото:скрин
Өрт кешкі алты шамасында мешіттің жаңадан салынып жатқан кіреберісінен шыққан, деп жазды qandastar.kz
Өрттен 12 жастағы бала зардап шекті. Жеткіншек дереу ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлердің мәліметінше, баланың денесінің 17%-ын күйік шалған. Беті, құлағы, жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап, беліне дейін от шарпыған. Қазір оның жағдайы тұрақты.