Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бірнеше мектеп оқушысы көшеде төбелескен видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Онда алдымен бір қыз өз қатарласын ұрып-соққан, кейін өзі де жәбір көргені анық көрінеді, деп хабарлады qandastar.kz.
Полиция мәліметінше, оқиға 18 қазанда болған. Барлық қатысушы анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Қыздардың ата-аналарына 36 920 теңге көлемінде айыппұл салынды. Материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданып, жасөспірімдер есепке алынды.



