Жаңаөзенде өндірістік инфрақұрылымға қол сұққан қылмыстық топ әшкереленді.
Квазимемлекеттік секторға тиесілі ірі диаметрлі өндірістік құбырлар жалған құжаттар арқылы заңсыз шығарылып, қара металл қабылдау орындарына өткізілген, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын қолданылған 720 мм диаметрлі құбырлардың жүйелі түрде ұрланып отырғаны анықталды.
Тергеу кезінде қара металл қабылдау пунктінен 24 дана ірі өндірістік құбыр табылып, заңды иесіне жауапкершілікпен сақтауға берілді.
Қылмыстық схемаға қатысы бар күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Тергеу қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтауға бағытталған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



