Жаңаөзен қаласында 44 жастағы ер адам жанжал кезінде пышақ жарақатын алып, қайтыс болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ол медициналық мекемеде көз жұмды.
Алдын ала тергеу мәліметінше алкогольдік ішімдік ішіп отырған ер адамдар арасында жанжал шыққан.
«Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық және объективті түрде анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.
Айта кетері, бұған дейін қалада 29 жастағы дәрігерге шабуыл жасалған болатын. Ол ауруханада көз жұмды.
Сондай-ақ жеті баланың анасы күйеуінің қолынан ажал құшты.



