Жаңалықтар

Жаңаөзендік футболшылар Еуропа чемпионатында ел намысын қорғайды

4-8 маусым аралығында Молдова астанасы Кишиневте футболдан әуесқойлар арасында SOCCA 2025 Еуропа чемпионаты өтеді. Бұл байрақты бәсекеде елнамысын қорғауға аттанған ұлттық құраманың қатарында Жаңаөзен қаласынан іріктелген 10 футболшы бақ сынайды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сенсек, SOCCA чемпионаты – әлемнің түрлі елдерінен жиналған әуесқой футболшылар қатысатын беделді спорттық іс-шаралардың бірі. Чемпионат аясындағы Қазақстан құрамасының ойындары Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі деп жоспарлануда.

«Маңғыстау өңірінен шыққан спортшылардың халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысып, еліміздің намысын қорғауы – өңір спортындағы оң өзгерістердің айқын көрінісі.

Жаңаөзендік футболшылар үшін бұл чемпионат – кәсіби шыңдалуға, тәжірибе жинақтауға және ел абыройын арттыруға үлкен мүмкіндік. Жерлестеріміздің сенім үдесінен шығып, жоғары нәтиже көрсететініне сенім білдіреміз»,  – делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close