
Фото: инстаграм
Журналист Жанар Байсеміз итальяндық азаматқа тұрмысқа шыққанына шүйліккендерге жауап берді, деп жазды qandastar.kz
— Оны қарапайым адамдар емес, журналистер айтқан. Мен шетел азаматына тұрмысқа шығамын деп ойлаған жоқпын. Ондай жоспарымда болған жоқ. Менен 20 жыл бұрын сұхбат алса, мүлде басқаша жауап берер едім. Қыздарға “шетел азаматына күйеуге шығыңдар” деп насихаттағым келмейді. Әлеуметтік желіде де ондай насихат жүргізбеймін. Мен дәл қазіргі жағдайымда адамды ұлтқа, дінге бөлмеймін. Мен тұрмысқа шыққанда өте көп сын айтылды. Әлі күнге дейін маған адамдар “қызғанамыз, өзіміздің ұлтымызға шыққаныңда ғой” деп жазады. Ондай нәрселер жазылмауы керек деп ойлаймын. Қалай бар, солай қабылдауы керек. Мен сонда отбасымды бұзып, қазаққа шығуым керек пе? Қисынға келмейді, дейді журналист сұхбатында.



