ЖаңалықтарШоу бизнес

Жандарбек Бұлғақов әнші Yenlik-ке неге тиіскенін түсіндірді

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов әлеуметтік желіде әнші Yenlik орындайтын BIPL әніне қатысты білдірген пікірі төңірегінде туындаған талқылауға жауап берді, деп жазады qandastar.kz.

Ақын Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазылған пікірлерге тоқталып, бастапқыда қойған сауалы тек әннің мазмұнына қатысты болғанын атап өтті. Оның айтуынша, кейбір қолданушылар шығарманың мағынасын түсінгенін немесе түсінбегенін байыпты, салмақты түрде жеткізген.

«Threads-тағы парақшам бір аунап түскендей болды. Алдымен күтіңіздер, енді жауап берейін.

Бастапқыда «Бұл қай ән? Кім не түсінді?» деген ғана сұрақ қойылды. Оған «Бұл — Еңліктің әні, мағынасы мынадай» немесе «Мен ештеңе түсінбедім» деп сауатты әрі сабырлы жауап бергендер бар. Негізгі әңгіме осы жерден аяқталуы керек еді», — деп жазды ол.

Сондай-ақ айтыскер өзіне «қыз баланы сынады» деген айыптаулармен келіспейтінін білдірді. Ақынның айтуынша, ол өнер иесінің жеке болмысына емес, тек әннің тақырыбына назар аударған.

«Өнерпаздың жынысы, сырт келбеті, тұлғасы немесе әншілік қабілеті туралы бір ауыз сөз айтылды ма? Әңгіме тек тақырып туралы емес пе?» — деп түйіндеді ол.

Бұл жауаптан кейін де желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп, талқылау әлі де жалғасып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button