ЖаңалықтарСпорт

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адаместің жекпе-жегі өтпейтін болды

Әлемдік бокс индустриясының ең ықпалды тұлғаларының бірі, Сауд Арабиясының беделді инвесторы Турки әл аш-Шейх Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасындағы титулдық жекпе-жекті ұйымдастыруға ниет білдіргенін мәлімдеді, деп жазды Qandastar.kz.

Алайда оның айтуынша, бұл жекпе-жек Адаместің келіспеуінен жүзеге аспай қалған.

«Мен сіздерге бір шындықты айтайын. Ол (Адамес) менің уақытымды текке кетірді және өз мүмкіндігін жіберіп алды. Мен оған өте жақсы, жомарт ұсыныс жасадым. Алайда 4-5 күн бойы мүлде жауап болмады. Бұл өте түсініксіз жағдай. Ақырында мен өз ұсынысымды кері қайтарып алдым. Бұл жекпе-жек «Чемпиондар түні» кешінің бір бөлігі болуы керек еді. Жәнібек тарапынан ешқандай қарсылық болған жоқ. Бар мәселе – Адаместе», – деді Турки әл аш-Шейх Thaboxingvoice подкастында.

Айта кетейік, бұл ақпаратты Жәнібектің өзі де растады. Ол X (бұрынғы Twitter) желісінде әл аш-Шейхтің сұхбатынан үзінді жарияланған видеоны бөліскен.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close