Жаңалықтар

Жанқоштың адвокаты: Әнарудың ауытқушылығы болуы мүмкін немесе хайп жасап отыр

Фото: ашық дереккөз

Жаңқош Тұраров өзін зорлады деп айыптаған қызбен танысқаны рас болып шықты, – деп хабарлайды qandastar.kz

Тек әлеуметтік желіде. Мұны боксшының адвокаты Самат Мамытов Алматыда журналистерге арналған баспасөз мәслихатында айтты. Ал өзге айыптарды жоққа шығарып отыр. Адвокаттың сөзінше, қыздың дені сау емес не біреудің тапсырысы болуы мүмкін.

«Біз бірнеше нұсқаны қарастырып жатырмыз – олардың бірі ауру немесе психикалық ауытқушылық, екіншісі – танымал болу үшін хайп немесе бұл біреудің бұйрығы», – деді адвокат.

Журналистермен кездесуге боксшының өзі келмеді. Қорғаушының сөзінше ол жекпе-жекке дайындалып жатыр.

Бұған дейін арызданушы Әнару Құрманалиева журналистерге сұхбат беріп, Жаңқош Тұраровтың оны зорлап, одан кейін 6 жыл бойы қыр-соңынан қалмай қойғанын айтқан еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close