Мәдениет
«Жаным ашиды»: Баян Алагөзова журналист Дана Орманбаеваға қатысты ойын айтты
Фото: kursiv.kz
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы екі рет сотта жеңілген журналист Дана Орманбаеваға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Айта кетейік, продюсер мен журналист арасындағы дау сотқа дейін жеткен еді. Тележүргізуші Дина Төлепберген әріптесіне қатысты сұрақ қойған еді. Баян Алагөзова шынайы жауап қатты.
“Данаға бақыт тілеймін. Оны мен жан-жүрегіммен сезінемін. Шынымды айтсам, оған жаным ашиды. Оны құшақтап, «Дана, бақытты болшы. Шынымен бақытты бол. Өзіңе қатысы жоқ шындықты іздеудің қажеті жоқ. Әркімнің өз шындығы бар» дегім келеді. Мен онымен тек заң аясында ғана байланысамын. Бірінші сот менің пайдама шешілді, енді екінші іс қаралып жатыр, – деді Баян Алагөзова.