Жаңалықтар

«Жанымда мысығым бар»: ерекше такси жүргізушісі желіні сүйсіндірді

Атырауда ерекше такси жүргізушісі әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті. Ол күнделікті жұмысқа өзімен бірге сүйкімді мысығын да ертіп жүреді, деп жазды qandastar.kz

Жүргізуші жолаушыларға алдын ала ескерту жасап, үй жануарының тыныш, жолға кедергі келтірмейтінін және салонды таза ұстайтынын айтады.

Такси иесі, егер мысық жолаушыға қолайсыздық тудырса, еш ренжімей басқа көлік шақыруға кеңес береді.

Желі қолданушылары жүргізушімен және оның кішкентай серігімен түсірілген видеоларды бөлісіп, жылы пікір қалдыруда. Көп адам тек осы ерекше таксиге отыру үшін Атырауға баруға болатынын әзіл-шыны аралас жазып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button