Шоу бизнес

«Жаның жәннатта болсын»: «Рэкетир» фильмінің актерлері Мұрат Бисенбиннің қазасына байланысты көңіл айтты

Көрерменге «Рэкетир», «Томирис», «Аға» фильмдеріндегі жарқын рөлдері арқылы кеңінен танылған актердің өмірден өтуі оның әріптестері мен жанкүйерлері үшін ауыр соққы болды, деп жазады qandastar.kz.

Бүгін Мұрат Бисенбиннің отбасы мен туған-туыстарымен бірге оны жеке танитын, бір сахнада, бір түсірілім алаңында еңбек еткен әріптестері де, оның актерлік шеберлігіне тәнті болған көрермендер де аза тұтып отыр.

Актер Жан Байжанбаев әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әріптесімен қоштасып, жүрекжарды жазба қалдырды:

«Бүгін актер, досымыз әрі бауырымыз Мұрат Бисенбин өмірден өтті («Рэкетир» фильміндегі басты рөлдердің бірін сомдаған). Жаның жәннатта болсын. Тыныш ұйықта, бауырым», – деп жазды ол.

Сондай-ақ актер Саят Исембаев та қайғылы хабарға байланысты пікір білдірді:

«Тамаша актер, бауырымыз Мұрат Бисенбиннен айырылып қалдық. Жаның жәннатта болсын, бауырым», – деп жазды ол.

Марқұм актерге арналған көңіл айту сөздеріне қазақстандық шоу-бизнес өкілдері де қосылды. Асель Сағатова, Анна Данченко, Нұрлан Әлімжанов, Дәстен Шәкіров, Айжан Нұрмағамбетова, Жайдарбек Күнгужинов және өзге де танымал тұлғалар әлеуметтік желілерде жылы лебіздерін білдіріп, марқұмның рухына тағзым етті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button