Әлем жаңалықтары
Жапонияда Экспо-2025 көрмесі басталды

Фото:
Жапонияда Экспо-2025 көрмесі басталды, деп жазды qandastar.kz
Халықаралық деңгейдегі шара Осака қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің әр түкпірінен 160-тан астам мемлекет қатысуда. 6 ай уақытқа созылатын көрмеде туристер 80-ге жуық павильонды тамашалай алады. Көрменің алғашқы ашылуында 10 мыңға жуық адам қатысқан.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, Ұйымдастырушылар қазан айының соңына дейін шамамен 28 млн турист келеді деп күтуде. Алайда, билеттер сатылымы баяу жүргізілуде. Ауқымды шараға қатысу үшін алдына ала сатылған билеттер көлемі 9 млн-ға жуықтайды. Жоспар бойынша оның көлемі 14 млн болуы тиіс.
Айта кетейік, Экспо көрмесі Осака қаласында осымен екінші рет өтіп жатыр. Алғашқысы 1970 жылы ұйымдастырылып, оған рекордтық 64 млн адам жиналған. Араға он жыл салып бұл көрсеткіш 2010 жылы Шанхайда жаңарды.