Әлем жаңалықтары

Жапонияның бұрынғы премьері Синдзо Абэні өлтірген адам өмір бойына сотталды

2022 жылы Жапонияда елдің бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні өлтірді деп айыпталған Тецуя Ямагамиге қатысты сот үкімі шықты. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп жазады qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Жапон БАҚ-тарына сілтеме жасаған басылымның жазуынша, қорғаушы тарап айыпталушыға 20 жылдан аспайтын жаза тағайындауды сұраған. Олар кісі өлтірудің себебі, айыпталушының «Бірлік шіркеуі» діни ұйымына қатысты қиын балалық шағымен байланысты екеніне назар аударғысы келген.

Марқұм Абэнің діни ұйыммен байланысы болуы мүмкін екені айтылған. Алайда, айыптаушы тарап бұл дәлелдердің қисыныз екенін, қылмыскер қылмысты 41 жасында яғни жағдайды толық бағамдай алатын кезде жасағанын мәлімдеген. Нәтижесінде сот саясаткерді өлтірген адамды кінәлі деп тауып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 8 шілдеде Нара қаласындағы көшеде бұрын өзі басқарған Либералды-демократиялық партияны қолдап, парламенттің жоғарғы палатасының сайлауалды науқаны аясында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге қастандық жасалды.

Өкінішке қарай, 67 жастағы Синдзо Абе алған жарақатынан Нара университетінің ауруханасында қайтыс болды.

Саясаткерге оқ атқан күдікті оқиға орнында ұсталған болатын. Кейін күдіктінің 2005 жылға дейін Жапонияның әскери-теңіз күштерінде қызмет еткен Тэцуя Ямагами деген жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Ұстау кезінде ол ешқандай қарсылық танытпаған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button