Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов болашағына қойған жоспарымен бөлісті, деп жазады qandastar.kz
Олимпиаданың алтын жүлдегері жарыстарға қай уақыттан бастап қатысатыны әзірге белгісіз. Оның барлығы спортшының бабына келуіне байланысты болмақ.
«Олимпиада ойындарынан кейін күресті қойдым деп мәлімдеме жасамадым. Алдағы жарыстарда сынға түсетінімді айттым. Жарақатты емдеп, ота жасаттым. Отадан кейінгі қалпыма келуге тырысып жатырмын. Иығым толық жазылған соң желтоқсан айында толық түрде жаттығуға кірісуді көздеймін. 2026 жылдың қай уақытында дайын боламын, сол кезде бір жарыста күресемін деп ойлаймын. Бірақ нақты «мына жарыста сынға түсемін» деп қазір тап басып айта алмаймын. Оның белгілі бір уақыты белгіленбеді. Барлығы спорттық бабыма келуіме байланысты болмақ», — деді Елдос Сметов.
Елдос Сметов 2024 жылдың 27 шілдесінде Олимпиада чемпионы атанған болатын. Одан кейін тараздық дзюдошы татамиде күреспеді.



